12 там, 2020 сағат 10:17

БҚО-да екі бала құдыққа құлап, қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында екі бала құдыққа құлап, қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 11 тамыз күні Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округінде болды.

Шамамен сағат 15.00-де қараусыз қалған 3 және 1 жасар екі бала жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 3 метр суы бар құдыққа құлап кеткен. Олардың денесін сағат 18.30-да жергілікті тұрғындар шығарып алды.

БҚО ТЖ департаменті ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды өтінеді.