БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 15 шілдедегі қаулысына сәйкес облыс аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 шілде күні сағат 00.00-ден 19 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін, 25 шілде күні сағат 00.00-ден 26 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін және 1 тамыз күнгі сағат 00.00-ден 2 тамыз күнгі сағат 00.00-ге дейін ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар қызметі тоқтатылады.
Сондай-ақ осы уақытта қоғамдық көліктер жүрмейді.