04 қыр, 2020 сағат 05:28

БҚО-да бұралқы иттер 25 қойды қырып кетті

Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер 25 қойды қырып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында болды.

2 қыркүйек күні таңғы сағат 07.00 шамасында ауыл шетінде тұратын екі тұрғынның, бірінің 18, екіншісінің 7 қойын иттер өлтіріп кеткен.

Иттің иесі анықталған жағдайда хаттама толтырылады.

Өткен жылдан бері бұралқы иттерді атуға тыйым салынғаны белгілі. Қазіргі уақытта, әсіресе, ауылдық жерлерде бұралқы ит, мысықтардың көбеюі күрделі мәселеге айналып отыр.