#
#
Сенбі 17/04/2021

БҚО-да биыл коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты

  • 05.03.2021
  • 0
  • 698

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 4041 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, соның 2483-інде ауру белгілері болса, қалған 1558-і – симптомы жоқтар. 

Індет басталғалы өңірде 13262 адам дертке шалдықса, соның 10941-і сауығып шықты. 199 адам қайтыс болды.

Ақпанның 1-інен бері 2204 адамнан коронавирус анықталды. Ауырғандармен қарым-қатынаста болған 4025 адам медициналық бақылауға алынды.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, соңғы аптада (26 ақпан – 4 наурыз) алдыңғымен салыстырғанда, жұқтыру көрсеткіші 3,2 пайызға (432-ден 418-ге) төмендеді.

Ақпан айынан бері сырқаттанғандардың 34,3 пайызы (757 адам) – жұмыс істейтіндер, 25 пайызы (553) – зейнеткерлер, 20,1 пайызы (445) – жұмыссыздар, 7,8 пайызы (173) – оқушылар, 3,1 пайызы (70) – медицина қызметкерлері, 3 пайызы (68) – мұғалімдер. 

«Оқу жылы басталғаннан бері барлығы 495 шәкірттен (251-і дәстүрлі сипатта, 244-і қашықтан білім алады) ковид табылды. Үшінші тоқсанда, яғни 11 қаңтардан бастап 280 (153-і дәстүрлі, 127-сі қашықтан) оқушы індет жұқтырды. 14 ақпан мен 4 наурыз аралығында қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысымен 22 мектептегі 64 сынып карантинге жабылды», деді Мұстаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар