04 қар, 2020 сағат 11:32

БҚО-да бір адам коронавирусты қайта жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында бір адамның коронавирусты қайта жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, әйел адам індет басталған уақытта, сәуір айында ауырған. 

Содан кейін жазда, тамызда қайтадан осы сырқатқа шалдыққан.