Фото:«ОА» мұрағатынан
Батыс Қазақстан Облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбаев халыққа үндеу жасады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Обысымызда орын алған төтенше жағдайға байланысты, су тасқыны қаупінің жоғарылауына байланысты біз қазіргі таңда облыс орталығының тұрғындарына Орал қаласында дайындалған уақытша орналастыру орындарының тізімімен сіздерді таныстырғымыз келдеді. Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі бау-бақша серіктестіктеріне арналған 15 эвакуациялық пункт сақталған болатын. Олар қазір жұмыс істеуде. Біздің саяжайларда тұратын жерлестеріміз сол жерлерге жайғасты. Қалған ер азаматтар суға кеткен саяжайлар тұрғындары жайғасып жатыр", -дейді Б. Нарымбетов Batys Today телеграм арнасында .
Бақытжан Нарымбаевтың сөзінше бүгінгі таңда су деңгейі 828 см-ге жетті, яғни қауіпті меже 858 см-ге жақындап қалды.
Әкім орынбасары бірінші кезекте Оралдағы Жайық өзінені мен Шаған өзенінің және Деркул өзенінің жағалары 24 учаскеге және бау-бақша серіктестіктерінің територияларында кезекшілік ұйымдастырғанын айтып отыр.
"Нақты бір участоктың мысалында айтатын болсақ, мысалы 14-ші участокте полиция басқармалары ТЖД және әскерилер, соынмен қатар кәсіпкерлер кезекші ретінде бекітілді. Осы судың жанында уақытша дамбалар салынған болатын. Сол жерлерде кезекшілік жұмыс істеп жатыр. Осы участокт ерге арнайы эвакуациялық пункттер жасақтадық. 14 участок 17-ші мектепке, 15-ші участок 19-шы мектепке орналасады", -дейді әкім орынбасары.
Бақытжан Нарымбаевтың сөзінше бау-бақша серіктестіктері 6,5 метр биіктікте орналасқан сондықтан су кетіп жатыр.
Су басуға байланысты ақпараттарды ресми аккаунттардан білуге болады.