26 там, 2025 сағат 11:26

Бизнес-тренер елорда тұрғындарын 50 млн теңгеге алдады

Фото: Pexels.com

Астанада өзін бизнес-тренер ретінде таныстырған алаяқ бірнеше азаматты сан соқтырды, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол Instagram арқылы онлайн-сауда курстарын ұсынып, кейін тұрмыстық техниканы көтерме саудаға қаржы салуды ұсынған. Салынған қаражаттың 10%-ы көлемінде табысқа уәде еткенімен, шарттарын орындамай, ақшаны иемденіп, байланысын үзген.

Тергеу нәтижесінде оның 50 млн теңгеден астам залал келтірген 10 алаяқтық әрекеті дәлелденді. Сот үкімімен қылмыскер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Прокуратура алаяқтық жасаған жағдайда мүлікті тәркілеумен қоса, 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.