28 там, 2025 сағат 16:15

Биыл ҰБТ-ның орташа балы 69,42 болды


Фото: ana tili

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқандардың ішінде 160,5 мың адам немесе 76,35% жоғары білім алуға қажетті шекті балды жинай алдыҰБТ-ның орташа балы 69,42 болды.

2025 жылы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық.

Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 084 грант жоғары білімге арналған.

Конкурс қорытындысы бойынша гранттар 99% көлемінде игерілді.

Анықтама: Оның ішінде:

– 2500 грант Атырау және Маңғыстау облыстарының жастарына берілді,

Серпін жобасы бойынша 2004 грант,

Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында оқу үшін 2 365 грант.

Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларға 9,5 мың грант,

– 2, 1 мың грант қандастарға берілді.

Биыл алғаш рет мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін 2 010 білім беру гранты бөлінді.

25 тамыз күні бакалавриат бағдарламаларына қабылдау аяқталды. Магистратура мен докторантураға қабылдау бүгін аяқталады.