#
#
Жексенбі 17/01/2021

Биыл қостанайлық диқандар 4 млн тонна астық бастырды

  • 26.11.2020
  • 0
  • 157

Қостанай облысында биыл 4 млн тонна астық жиналды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының екінші базалық бағыты саналады. Оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 11,2 пайызды құрайды. Салада 126 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Биыл жалпы егістік алқабының аумағы 5,3 млн гектарды, оның ішінде астық және дәнді-бұршақ дақылдары 4,1млн гектарды құрады. Егістік алқаптары құрылымын әртараптандыруды жалғастыру аясында майлы дақылдар алқабы 640,5 мың гектарға ұлғайтылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 132,5 мың гектарға көп. Жалпы бастырылған астық көлемі 4 млн тоннаны құрап, өнімділік гектарына 10,2 центнерден болды», - деді облыс басшысы. 

Сонымен қатар, ол биыл мемлекеттік қолдау шараларымен негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары және мал шаруашылығы қамтылғанын айтты. Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 38,4 млрд теңге жұмсалғанын атап өтті. 

«Қайта өңдеуші кәсіпорындар 202 млрд теңгеге тауарлық өнім өндірді. өсім 24 пайызды құрайды. Бұл ретте сары май өндіру 19, ірімшік пен сүбе 44, сүт және қоюландырылған сүт 49, шұжық өнімдері 10, консервілер 84, ұн 18, жарма 27, өсімдік майы 17 пайызға артты. Ет өндірісі 6,3 пайызға және сүт 1,7 пайызға өсті. Жыл басынан бері өсімдік майы экспорты 4 есе артып, үн экспорты 20 пайызға өсті. 800 мың тонна астық пен 572 мың тонна ұн экспортқа шығарылды», - деді Архимед Мұхамбетов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар