23 сәу, 2025 сағат 11:45

Биыл халықтың 62%-ы газбен қамтылады

Фото: Egemen.kz

Үкімет отырысында газ өндіру саласындағы проблемалық мәселелер көтерілді. Оның ішінде Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысы 3 жылға кешігіп жатқаны айтылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сондай-ақ Ұлытау облысында газ саласына бөлінген  2,7 млрд теңгенің басым бөлігі игерілмеген. Осыған байланысты Премьер-Министр облыс әкіміне ескерту жасады. 

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 62,8 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланған. Биыл 12 миллионнан астам адам газға қол жеткізеді деген жоспар бар.