«Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов биыл газ тартылатын аудандарды атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Биыл жеке секторда газ Көктал-1 мен Көктал-2, Агроқалашыққа тартылады. Алматы ауданында Железнодорожный мен Силикатный тұрғын алабы және Оңтүстік-шығыстың бір бөлігі қамтылады. Жалпы, Оңтүстік-шығыс келесі жылға жоспарланған, алайда кестені ертерек орындап, үйдердің бір бөлігіне газ тартудамыз. Сонымен қатар, ЖЭО-1/ЖЭО-2 нысандарын газға көшіру ескерілген», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында
Оның сөзіне қарағанда, жеке секторда барлық көшелер бойынша тиісті құбырлар тартылуда.
Әкімнің пайымынша, газдандыру қаладағы экологияны жақсартуға ықпал етеді.