23 мам, 2024 сағат 16:43

Биыл елде шегірткемен күреске бюдеттен 8,1 млрд. теңге бөлініп отыр

Фото: ашық дереккөзден

Биыл елде шегірткемен күреске бюдеттен 8,1 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі мәлімдеді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".


"Қазіргі уақытта шегірткелермен күресу үшін 2,46 млн. га аумаққа өңдеу үшін пестицидтер сатып алынды, 90,8 мың га аумаққа конкурстық рәсімдер жалғасуда. 2,2 млн. га аумаққа химиялық өңдеу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша шарттар жасалды, 308,0 мың га аумаққа конкурстық рәсімдер жалғасуда. Пестицидтер Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерге жөнелтілді", -деп отыр ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасы Дархан Әбдікәрімов.


Қазақстанда шегірткенің 270-тен астам түрі мекендейді, олардың 10-15 түрі дәнді, көкөніс дақылдарының, жайылымдар мен шабындық алқаптардың қауіпті зиянкестері екен. Еліміздің аумағында шегірткелердің табындық және тобырлық емес түрлері де бар көрінеді.
Шегірткелердің ең қауіпті және зиянды түрлері - азиялық, мароккалық және итальяндық прус дейді мамандар.


"2024 жылы 2 538,035 мың га алқапта табындық шегіртке зиянкестерінің таралуы болжануда, оның ішінде итальяндық прус – 2 070,602 мың га, азиялық шегіртке – 186,103 мың га және Марокко шегірткесі – 281,33 мың га", - деді Дархан Әбдікәрімов.


 Алдағы жаз маусымында шегіртке ең көп таралатын аймақтар: Ақтөбе - 784 мың га, Қостанай - 776 мың га және Түркістан - 271 мың га облыстары екен.