Фото: Premierministr.kz
Абай облысының әкімі Берік Уәли халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік ынтымақтастық конференциясы аясында Қытайдың Тачен (Тарбағатай) аймағының партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен кездесті, деп хабарлайды Ult.kz.
Кездесуде Абай облысы мен Шыңжаң арасындағы 250 шақырымдық шекарадағы Бақты кеден бекетінің маңызы, транзиттік және көлік әлеуеті, сондай-ақ, екі жақты экономикалық және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Берік Уәли «Семей-Үрімжі-Семей» және «Семей-Тачен» бағыттарында тікелей әуе рейстерін ашу туралы ұсыныс білдірді және Алакөл туристік аймағын бірлесе дамытуға шақырды.
Чжи Сяньвэй «Аягөз-Тачен» темір жолы мен жаңа әуе рейстерінің маңызын атап өтіп, Бақты кеденінің жұмысын жандандыру бойынша ұсыныстарын айтты және облыс әкімін жазда Шәуешекке сапарға шақырды.
Берік Уәли кездесуде айтылған ұсыныстар назарға алынатынын және «Аягөз-Тачен» темір жолы құрылысы биыл басталатынын жеткізді.
