#
#
Сенбі 19/09/2020

Биыл астанада проблемалы екі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады

  • 12.08.2020
  • 0
  • 110

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов проблемалы деп танылған «Фемида» және «Берекет» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Проблемалы деп танылған үйлерге барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылау – құрылыстың нақты қандай қарқынмен жүріп жатқанын көруге мүмкіндік береді. Құрылысы ұзаққа созылған үйлерде жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр ғана болса, енді бірінде үйдің қаңқасы ғана болды. Кей ғимараттарда бөлшектеу жұмыстарын жүргізу немесе үй сызбасына өзгерістер енгізу қажет болды. Себебі, кей үйлерде 5 қабаттың орнына 9 қабат салынып, үлескерлерге сатылып кеткен.

Бүгін «Фемида» (Абат) және «Берекет» тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Бұған дейін аталған үйлердің үлескерлері бірқатар маңызды мәселелерді көтерген болатын. Олардың басым бөлігі шешілді. Инженерлік желілерді қосамыз. Үйлерді жылыту маусымына дайындау қажет. Үй құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлап отырмыз», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-дағы парақшасында. 

Қала әкімі атап өткендей, құрылысшыларға қойылатын басты талап-құрылыс жұмыстарын сапалы орындау. Сондай-ақ үй аумақтарын абаттандырумен айналысу қажет. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар