11 қар, 2021 сағат 18:26

Биыл астанада қар жылдағыдан 2-3 есе көп жауады – ТЖД


Биыл Нұр-Сұлтанда қардың жаууы жылдағыдан 2-3 есе артық болады. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайды жою басқармасының басшысы Эльдор Райымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандар мен техника кез келген сәтте төтенше жағдайға дайын болуы тиіс. Сол себепті бүгін оқу-жаттығу өткізіп жатырмыз. Жалпы төтенше жағдайда адамды құтқару кешенді жұмыс. Яғни құтқарып қана қоймай, оған медициналық, психологиялық көмек қажет болуы мүмкін. Көбінесе төтенше жағдайлар табиғи құбылыс және ауа райына байланысты туындайды. Қазгидрометтің болжамынша, биыл елордада қар жауу мөлшері жылдағыдан 2-3 есе көп болады. Осы орайда қар көп болғаннан кейін, адамдардың жолда қалып қою жағдайлары жиі болып тұрады. Ондай сәтте адаммен қатар көлікті де құтқару керек. Сондықтан да тұрғындардан қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауын тағы бір мәрте сұраймыз», - деді Эльдор Райымбеков. 

Оның айтуынша, ауа райы ескертуін елемей жолға шығып кететін азаматтар бар.