06 қаз, 2020 сағат 06:26

Бішкекте Ақ үйден шыққан өрт сөндірілді

Қырғызстанда Ақ үйден шыққан өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 7:49-да сөндірілді, деп хабарлайды Қырғызстаның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Kabar агенттігі.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, оқиға орнында 7 өртке қарсы топ жұмыс істеп жатыр. 

Оларды өртті сөндіру жұмыстарымен айналысуда.

Еске салайық, жексенбі, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.

Ал, бүгін, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ үйге беттеді. Оларды тарқату үшін милиция көз жасаурататын газ, суатқыш және газ-шуылды құрылғылар қолданған. Бішкек уақытымен сағат 22.00-дегі мәлім бойынша, ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілген.

Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды.

Кейін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ертең, 6 қазан күні парламенттік сайлауға қатысқан барлық 16 партия басшысымен кездесетіні мәлім етілді.

Айта кетейік, елдің Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің соңғы нәтижесін сайлаудан кейін 20 күннен кешіктірмей жариялауы тиіс.