12 нау, 2024 сағат 21:03

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды


Судья Айжан Құлбаева Қазақстан ұлттық экономикасының экс-министрі Қуандық Бишімбаеваның ісі бойынша бас сот талқылауын 27 наурызға тағайындау туралы шешім шығарды

"Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауы алқабилер сотының қатысуымен ашық сот отырысы 27 наурыз сағат 10:00 -ге тағайындалсын", - деп жариялады Құлбаева.


Сондай-ақ сот Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарына алдын ала тыңдау барысында айтылған өтініштерді қанағаттандырудан бас тартты.

Айта кетейік, Бишімбаевтың адвокаттары сотқа 7 өтінішхат жолдаған болатын