Астанада қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы басталды.
Соттың сұрағына жауап бере отырып, өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді.
"Еш жерде өз оқиғамды айтып бере алмадым. Маған тағылып отырған айыптың еш дәлелі жоқ. Маған тағылып отырған айыпты мойындамаймын", - деп мәлімдеді Қуандық Бишімбаев сотта.
Сот отырысы ашық режимде өтіп жатыр.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа "Кісі өлтіру" бабымен айып тағылған. Кейін бұл бап "Аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабына ауыстырылғаны белгілі болды. Кейінірек оған "Қинау" айыбы қоса тағылғаны анықталды.