Астанада Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Жарыссөз кезінде адвокат Әлия Омарова Нүкенованың қалай азапталғанын егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Бейнежазбалардың бірінде Бишімбаев Нүкенованы қорлау мақсатында барлық әурет жерін видеоға түсіруге тырысып жатқанын көруге болады. Алайда, Салтанат жалаңаш кеудесін жауып, аяғын қысады. Оның көзінде қорқыныш пен дәрменсіздік болды. Мұның бәрі қорлау сөздерімен қатар соққылармен бірге болған әрекет", – деді Омарова.