11 нау, 2024 сағат 20:33

Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованы интим видеосымен бопсаламақ болған — прокурор


Астанада жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" хабарлайды.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген. Бишімбаев марқұмның барлық телефон қоңырауын бақылап, жұмыс істеуге рұқсат бермей, оны толығымен материалдық тәуелді етіп қойған. Сондай-ақ, ол жиі қызғанып, жүйелі түрде физикалық күш қолданған.

"Бишімбаев жиі қызғаныш танытып, Нүкеноваға порнография көрсетіп, "сен емес пе" деп қысым жасаған", - дейді айыптаушы.


2023 жылғы наурыздың ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ әйел келіспеген.

Прокурордың айтуынша, 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге шақырған. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіскен. Алайда айыпталушы физикалық күш көрсетуді тоқтатпаған.

"Бишімбаев Нүкенованың туыстарында әйелінің соққы алған суреттері бар екенін біліп, олар ажырасқан жағдайда осы фотосуреттермен өзін бопсалауы мүмкін деп ойлаған. Содан Нүкенованы жалаңаштанып интимді видеоға түсуге мәжбүрлеген. Нүкенова қорыққандықтан өз еркінен тыс Бишімбаевтың талабын орындап, жалаңаш күйде интимді вилеоға түскен" деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы.


Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты істі басқа бап бойынша қарастыруды сұрағанын жазған болатынбыз