26 сәу, 2024 сағат 18:25

Бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды


Фото: bloknot-rostov.ru


Ресейден бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдіктіні қылмыстықжауапкершілікке тарту үшін Ресей тарапымен экстрадициялау туралы мәселе аяқталды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тұрақты негізде адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.


"Аталған тұлға 2022-2023 жылдараралығында шет елдерден азық-түліктің көтермепартияларын жеткізу сылтауымен алаяқтықжолмен 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды. Өткен жылдың желтоқсан айында Мәскеу аумағында ұсталды", - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.