27 там, 2020 сағат 13:35

Бірқатар өңірде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

28 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

28 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең күндіз Өскеменде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15 м/с жетуі мүмкін.

Ертең күндіз Семейде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. 

28 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай жарқылдайды. Күндіз жел оңтүстіктен соғады кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Оралда жел оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

28 тамызда күнде, 30 тамызда күндіз, сондай-ақ 31 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, тұман түседі. 28-31 тамызда өңірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. 

31 тамызда күндіз Таразда кей кездері күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. дауыл соғады. 28 тамызда күндіз, 29 тамызда күні бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

28 тамызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. 

28 тамызда күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.