Президент Қасым-Жомарт бірқатар азаматқа жоғары әскери және арнаулы атақ берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы" Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Қаулы шығарды:
- генерал-полковник әскери атағы: Жақсылықов Руслан Фатихұлына;
- 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлына;
- генерал-лейтенант әскери атағы: Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына, Ильин Юрий Викторовичке;
- авиация генерал-лейтенанты әскери атағы: Карбенов Нұрлан Жанайдарұлына;
- ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына;
- полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы: Қожаев Марат Шәдетханұлына;
- генерал-майор әскери атағы: Воронкин Константин Юрьевичке, Жазықбаев Шайх-Хасан Саттарқұлұлына, Жүсіпов Сәкен Сауытбайұлына, Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлына, Күлшімбаев Ибрагим Дәукесұлына, Сәбидолданов Мұхтар Сұлтанбекұлына, Шекарбеков Сәкентай Амантайұлына;
- авиация генерал-майоры әскери атағы: Қоңыров Руслан Зарлықұлына, Топаев Нұрболат Еркебайұлына;
- ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Әбділманов Марат Мейірханұлына, Жұмағалиев Тамерлан Тельманұлына, Жүнісов Таңат Рымбекұлына, Неталиев Рүстем Бекетұлына;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Әрінов Шыңғыс Сайранұлына, Байбосынов Батырбек Бердібайұлына, Исабеков Сәкен Сайынұлына;
- полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Арыстанов Атығай Ғазымбекұлына, Әділов Санжар Әскенұлына, Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлына, Таев Думан Әшкенұлына, Файзуллин Ерлан Жұмасейітұлына;
- 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Абаев Ерлан Масғұтұлына, Әлиханов Марат Тілеуқабылұлына, Дәуешов Халидулла Зиноллаұлына, Ожаров Ризабек Кәрімұлына, Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлына;
- 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Ахметов Мұрат Жамбылұлына, Елемесов Жеңіс Фарахатұлына, Ерғарин Дәурен Тілекұлына, Жұмағали Асхат Жұмағалиұлына, Малахов Дмитрий Михайловичке, Өтеев Шаттық Тынымбайұлына, Райысов Ұлан Ермұханұлына, Шакенов Денис Владимировичке, Элиманов Жанат Қалдыбекұлына берілді.