13 нау, 2021 сағат 07:30

Бір тәулікте коронавирус инфекциясымен тіркелгендер саны мыңнан асты

Ресми дерек бойынша, 12 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырып, тіркеуге тұрған адам саны 1002 адам болды. Бұл – көптен бері болмаған антирекорд.

Аймақтар бойынша қарасақ, өткен тәулікте Алматы қаласында бірден 293 науқас тіркелді. Бұған дейін мұндағы көрсеткіш бұдан әлдеқайда аз болып келген.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 222 671 адамға жетті. Оның 205 554-і жазылып шықса, 2 840 кісі қайтыс болған.

Өткен тәулікте 772 адам дерттен айыққан.

Ресми орындар белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас, бірақ лаборатория арқылы дәлелденбеген "пневмония" дерегін бір күн кешіктіріп жариялайды. 11 наурызда пневмонияның бұл түрімен ауырған 55 адам тіркелді.

Санақ жүргізіле бастаған былтырғы 1 тамыздан бері бұл диагнозбен 49 749 науқас тіркеуге алынған. Жалпы 44 715 жазылып шықса, 653 кісі көз жұмған.

Аймақтар бойынша толық көрсеткіш: 

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 26 276 (+152), Алматы қаласында – 27 001 (+293), Шығыс Қазақстан облысында – 22 429 (+35), Атырау облысында – 17 624 (+42), Павлодар облысында – 18 413 (+50), Қарағанды облысында – 16 039 (+74), Ақмола облысында – 14 397 (+50), Батыс Қазақстан облысында – 13 735 (+68), Солтүстік Қазақстан облысында – 12 700 (+21), Қостанай облысында – 13 021 (+48), Алматы облысында – 11 533 (+90), Шымкент қаласында - 6 344 (+25), Жамбыл облысында – 6 112(+13), Түркістан облысында – 4 344 (+4), Маңғыстау облысында – 4 295 (+3), Ақтөбе облысында – 4 492 (+29), Қызылорда облысында – 3 916 (+5).