19 қаз, 2020 сағат 08:18

Бір аптада Қазақстан аумағында 3608 қылмыс жасалды

Бір апта еліміздің аумағында 3 608 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бір апта ішінде 3 608 қылмыс жасалып, оның ішінде 2 355 қылмыс бір тәуліктің ішінде ашылды. Қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрап отыр. Полиция қызметкерлері із суытпай 10 кісі өлтіру, 3 адам өліміне алып келген қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 44 тонау және 508 өзгенің мүлкі ұрлау қылмысын ашты», - деді ресми өкіл.