
Облыстық маслихат депутаттығына үміткер Ж.Жазықпаева, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Л.Константинова, А.Балажанова, М.Бигельдиева, Е.Жақсыбаев, Б.Сүнбеков, Ж.Садуова, Д.Накысбеков, Н.Жанталиев, Білім саласының өкілдерімен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн жүйеде кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мәдениет саласының өкілдерімен де «ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.


Онлайн жиын барысында аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасы жан-жақты түсіндіріліп, сонымен қатар алдағы саяси науқанның маңыздылығы тақырыпқа өзек болды. Кандидаттар отырыс қатысушыларын сайлауға барынша атсалысуға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

