24 қыркүйекте Талдықорған
қаласында онлайн форматта білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
мәселелерін талқылауға арналған конференция өтті.
Конференцияға республикалық
«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, ҚР
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша
департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев, Алматы
облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы Адамбекова,
Алматы облысындағы колледждердің директорлары және «Саналы ұрпақ» клубтарының
белсенді мүшелері қатысты.
Конференцияға арнайы қосылған
«Sanaly urpaq» республикалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев оқу
орындарында адалдық қағидаттарын енгізу, жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы дүниетанымды қалыптастыру жайында баяндама жасады.
Сондай-ақ, Қайыржан Ахметбекұлы
жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдастырылған шараларды мекеменің интернет-ресурстарында
тұрақты түрде жариялап, ішкі талдау жұмыстарын өз деңгейінде өткізу және тағы
да басқа білім беру мекемелеріне қатысты кемшіліктерге тоқталып, бұл бағыттағы
жұмыстарды жандандыруды ұсынды.
Ата-бабамыз «адалдық жүрген
жерде, адамдық жүреді» деп айтып өткендей, бүгінгі күні өскелең ұрпақтың
азаматтық ұстанымын қалыптастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру әрі нығайту, жастардың құқықтық білімі және мәдениет деңгейін
арттыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Өз кезегінде, онлайн режимде
ұйымдастырылған шарада Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент
басшысының орынбасары Жандос Сағындықұлы Жұмабаев агентіктің барлық бастамалары
әділдік, адалдық, парасаттылық, сенім құндылықтары арқылы жүзеге асырылатынын ерекше
атап өтті. Және де колледждер тарапынан атқарылып жатқан, оның ішінде жастармен
жүргізіліп жатқан жұмыстардың аз емес екенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, облыстық білім
басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы Адамбекова облыс бойынша
«Sanaly urpaq» клубтарының қызметімен таныстырып, алдағы жоспарларынан хабардар
етті.
Бүгінгі таңда облыста 62 орта
арнайы (кәсіби) және 2 жоғары оқу орынында «Sanaly urpaq» жобасының кеңселері
ашылып, осы бағыттағы жұмыстар үйлестірілуде.
«Sanaly urpaq» клубтары алдағы
уақытта тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ғана емес, жалпы
білім саласындағы инновациялық технологиялар, сондай-ақ кәсіби мемлекеттік
аппаратты қалыптастыруға елеулі септігін тигізетін орталыққа айналатыны анық.