01 қаң, 2022 сағат 13:38

Бибісара Асаубаеваны марапаттау сәтінің видеосы жарияланды


Шахматтан 2021 жылғы әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны марапаттау видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 жастағы қазақстандық шахматшы 30 желтоқсан күні Польшада өткен әлем чемпионатында блиц-турнирдің жеңімпазы атанды. 

Ал 28 желтоқсанда дәл осы байқауда рапид бойынша Бибісара Асаубаева күміс жүлдегер атанған еді. 

«Қазақстанның әнұраны. Мен блицтен әйелдер арасында чемпион атандым. Қазақстандықтар, жаңа жыл құтты болсын! Жылды дәл осылай аяқтауларыңызды тілеймін», - деп жазды Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында.

Бұл – Қазақстанның шахмат тарихындағы әлем чемпионатынан алынған алғашқы алтын жүлде. Сондай-ақ, Бибісара Асаубаева әлемдік шахмат түрлері тарихында ең жас әлем чемпионы атанды.