09 қаң, 2023 сағат 11:19

Бибісара Асаубаева халықаралық турнирде күміс алды

Фото: Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде (Қытай) екінші орын алды. 

Асаубаева турнирде бірінші орын алған Әзербайжан өкілі Гюнай Мамедзаде секілді 8,5 ұпай жинаған, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орынға түскен.

"Жексенбіде қытайлық турнирде ойнап үлгердім. Ұтылған жоқпын, кемі бір ұпай көбірек алатын мүмкіндігім болды. Өкінішке қарай тай-брейк ойналмайды, үшінші қосымша (жеңіс саны) бойынша екінші орын алдым. Келер жолы ұтқан партияларды көбейте түсу керек", — деп жазды Асаубаеваның өзі Instagram парақшасына.

Желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева Алматыда өткен әлем чемпионатында алтын медаль алып, шахматты жылдам ойнаудан әлемнің екі мәрте чемпионы болған.