19 қыр, 2020 сағат 15:17

Бейбіт Атамқұлов Алматы Индустриялық аймағын аралап көрді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алматы Индустриялық аймағына барды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Министр аймақта энергия үнемдегіш қасбет өндіретін «ТехноВид» ЖШС зауытында, «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС және «КМК Investment» ЖШС кабельдік өнімдер зауытында болды. 

Сондай-ақ министрдің төрағалығымен жергілікті резиденттермен және өңірдің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізіліп, проблемалық мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланды.