Берлинде теракт жасады деген күдікті - Тунис тумасы Анис Амри Миланда атыс кезінде қаза тапты, - деп хабарлайды L!fe.ru басылымы.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, атыс түнде Маджо алаңында болған. Полицейлер күдіктінің құжаттарын сұраған кезде атыс шыққан. Құқық қорғау органдарының бір қызметкері жараланған. Оның жағдайы туралы мәлімет жоқ.
Еске салайық, 19 желтоқсанда кешкі уақытта Берлин орталығында Гедехтнискирхе шіркеуінің маңында жәрмеңке өтіп жатқан жерде жүк көлігі адамдар тобын қағып кеткен болатын. Қала полициясы Twitter желісінде тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейін қаза болғандардың саны 12-ге жетті. Сондай-ақ, ауруханаға 48 адам жеткізілген. Полицейлер бұл оқиғаны теракт болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлады N-TV құқық қорғау органдарының өкілдеріне сілтеме жасап. ДАИШ осы қылмысты өз мойнына алған.