Берік Уәли Президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін оның "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған еді. Айта кетейік, Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметін 2019 жылғы 22 наурыздан бастап атқарды.