13 қыр, 2016 сағат 14:02

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясына төрағалық етеді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып Берік Имашев тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол бұған дейін ҚР Әділет министрі қызметін атқарған болатын. «Берік Мәжитұлы Имашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалсын», - деп жазылған Елбасы Жарлығында.

Берік Имашев 1960 жылы 7 маусымда туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 23 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
 «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД  ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен, алты медальмен марапатталған.        
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрi болып тағайындалды.