05 там, 2019 сағат 08:31

Беларусьте президент сайлауы 2020 жылы 30 тамызда өтуі мүмкін

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина ОНТ телеарнасының «Контуры» бағдарламасына берген сұхбатында елде президент сайлауы 2020 жылы 30 тамызда өтуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.

ОСК төрағасы мемлекет басшысын сайлауға тиімді уақыт көктем болып табылатынын айта келе: «Бізде қараша айында сайлау өтеді, желтоқсанда жаңа парламент қалыптасып үлгереді. Бұл дегеніміз, үш айдан кейін президент сайлауын белгілеу керек болады. Ал онда мұналарды не үшін ауыстырдық?», - ол.

«Президент сайлауы Конституцияда белгіленген мерзімде өтеді деп ойлаймын. Яғни, 2020 жылғы тамыздың 30-ы. Меніңше, бұл датаны Беларусь Республикасы Президентінің сайлауы өтетін күн деп атауға болады», - деді Лидия Ермошина.

Оның айтуынша, бұл, бір жағынан әлі де жаз мезгілі. Екінші жағынан, 30 тамыз – халық еңбек демалыстарынан оралатын, студенттер ЖОО-ға орналасып үлгеретін уақыт. Яғни, сайлаушылар тіркелген жерлерінде болады. «Бірақ бұл қазір болжам ғана», - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Беларусь басшысы Александр Лукашенко 2019 жылы Өкілдер палатасы мен Республика Кеңесіне сайлау өтетінін, ал президент сайлауы 2020 жылы болатынын мәлімдеген еді