09 қыр, 2021 сағат 13:42

Бекшин шектеу шараларының жеңілдегенін мәлімдеді


Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн баспасөз конференциясы барысында шектеу шараларын жеңілдету бойынша қабылданған шешім туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы мен КВИ таралуының төмендеу үрдісін ескере отырып, цифрландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, объектілерді «Ashyq» бағдарламасына енгізе отырып, шектеу шараларын белгілі бір жеңілдетуді қабылдадық, олар бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2 қыркүйектегі № 28 қаулысында көрсетілген», - деді Жандарбек Бекшин.