25 там, 2021 сағат 18:34

Бекшин қалада инфекция жұқтыру қаупі бар негізгі бес орынды атады


Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтардың коронавирусты қай жерде жиі жұқтыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жандарбек Бекшин қалада инфекция жұқтыру қаупі бар негізгі бес орынды атады.

«Бүгінгі таңда жұқтырудың негізгі бес орнына кіретіндер: сауда объектілері – 32 % (3% – ға төмендеу), отбасылардағы байланыстар – 16% (2% – ға төмендеу), қоғамдық көлік - 17,1% (0,5% - ға төмендеу), базарлар-13% кіреді, мұнда негізгінде 9% азық-түлік нарықтарында жұқтырылады. Көрсетілген 2-3% – ға төмендеу қолданыстағы 2 аптадан шектеу шараларының нәтижесі және вакцинациядан кейін ұжымдық иммунитеттің өсуі ретінде болды», - дейді ол.

Халық арасында инфекцияның өсу себептері:

-Көрінбейтін биологиялық қауіпке халықтың немқұрайлы қарауына байланысты, COVID-19 вирусының дельта нұсқасының өте жоғары жұқпалы болуы;

- қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында (қала маңы аймағында және жалға алынған жер үйлерде) жаппай отбасылық іс-шараларды (той, мерейтой және т. б.) өткізу.

- Кейбір азаматтар арасында вакцинациялаудың пайдасы туралы күмәнінің жалғасуы, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтамауы.

- 20-39 жас аралығындағы жастар арасында жалғасып келе жатқан жұқпалардың 34% -ы олардың жоғарғы белсенділігі аясында, кейіннен отбасы мүшелеріне жұқтыру, олар инфекцияның гипер-таратушылары.

«Халық арасында дельта (Үнді штаммы) нұсқасының қарқынды таралуына және клиникалық симптомдары бар науқастардың 94,5% - ға дейін ұлғаюына байланысты Алматы қаласында шектеу шаралары 4 қыркүйек демалыс күндері және 6-ші қыркүйекке дейін ұзартылды», - деді Жандарбек Бекшин.