Алматыда автобус салондарын кварцтаудың тиімділігі туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазір қалада 4 автобуста осындай бактерицидті шам орнатылған. Пилоттық жобаның қорытындысы шыққан соң оларды басқа автобустарда қолданамыз. Біз микроб флорасын зерттеп жатырмыз. Аталған шамның тиімділігі тексеріліп жатыр. Бұл зерттеулердің арқасында карантин шараларын қатайту болмаса бәсеңдету бойынша шешім қабылдаймыз. Әзірге ақпарат аз», - деді Бекшин.