#
#
Cәрсенбі 02/12/2020

Бекшин алматылықтарды той жасамауға шақырды

  • 23.10.2020
  • 0
  • 148

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды той-томалақтан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жандарбек Бекшин атап өткендей, қалада сырқаттанушылықтың өсу себебі – жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда. Бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті, өйткені ондай жиындар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайтыны белгілі. 

«Менің той ұйымдастырушыларына айтарым, Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы отбасыларына да қауіп төндіресіз. Сондай - ақ, той немесе еске алу кеші тексеруші топтың талабы бойынша тоқтатылады. Сөйтіп, той иелерін қонақтардың алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырасыздар», - деді Ж.Бекшин. 

Сонымен қатар, ол эпидемия немесе оның қаупі жағдайында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы жаппай шара болып саналатынын атап өтті.

Теги: Алматы, той, карантин

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар