12 қар, 2021 сағат 15:51

Бекшин: Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56 пайызға жетті


Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қала халқының 56 пайызға жетті. Бұл туралы брифинг барысында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні қалада коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56% - ға жетті. (вакцинацияланғандардың 48% - ы және ауырып жазылған адамдардың 8% - ы), вакцинация қарқыны тәулігіне 0,1% - ды құрайды. 2022 жылдың мамыр айында, яғни 6 айдан кейін 75% - ға қол жеткізетін боламыз», - деді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар, ол вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдарда 6-9 ай өткеннен кейін антиденелердің төмендеуі байқалатынын айтты.

«Алматыда вакцинаның екі компонентін алғандар арасында КВИ – дің 2680 жағдайы (вакцинацияның 21 күнінен кейін) және ауырып жазылған адамдар арасында КВИ-дің 360 қайталама жағдайы (аптасына 10 жағдай) тіркелді, бұл вакцинацияның баяу қарқынымен қатар COVID-19 вирусы дельта штамының мутациялануы және індеттің жаңа өршуіне жағдай жасайды. Вирустың кезекті мутациясының алдын алу үшін вакцинацияланған халықты ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап шұғыл қайта вакцинациялау қажет», - деді ол.