20 қаң, 2022 сағат 10:24

Бекболат Тілеухан журналистен кешірім сұрады


© Sputnik / Владислав Воднев


Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеухан жәбірленуші Айнұр Коскинадан кешірім сұрады. Бұл туралы "Информбюро" бағдарламасында айтылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Шенеунік сұхбат беру кезінде тілшіге қарата айтылған артық сөздерін қайтып алып, енді қайталамайтынын айтты.



Нұр-Сұлтанда экс-депутат Бекболат Тілеуханға қатысты әкімшілік сот басталды. Процес барысында қос тарап та болған жайтты тәптіштеп айтып берді.

Тілеухан өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Тіпті жәбірленушілер жала жауып, ар-ожданымды таптағаны үшін сотқа жүгінемін деді.