24 шіл, 2024 сағат 16:20

Байжанов әлі тергеу изоляторында екені белгілі болды

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмысына қатысы бар деп танылған Бақытжан Байжанов әлі Астана қаласының тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Сот үкімімен орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды. Қазіргі таңда ол Астана қаласының тергеу изоляторында. Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі", - деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі.


ҚР ҚИК-нің 93-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылғаны белгілі болған

Еске салсақ, Бақытжан Байжанов азаматтық әйелін асқан қатігездікпен өлтірді деп сотталған бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпалып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған.  Ал экс-министр 25 жылға түрмеге тоғытылды.