08 сәу, 2025 сағат 15:24

Байқоңырдан ғарышқа «Жеңіс зымыраны» ұшты

Фото: скриншот

Бұл зымыран Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арнап ұшырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бүгін Байқоңыр космодромынан «Прогресс МС-27» ғарыш кемесімен «Жеңіс зымыраны» сәтті ұшырылды.

Кеме бортында ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, сондай-ақ NASA астронавты Джонни Ким бар.

Экипаж Жерге 9 желтоқсанда оралады деп жоспарланған. Осы уақыт аралығында ғарышкерлер орбитада 50-ге жуық ғылыми тәжірибе жүргізіп, түрлі зерттеу бағдарламаларын іске асырады.