#
#
Сенбі 06/03/2021

Байқоңырда карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

  • 16.01.2021
  • 0
  • 243

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен шаһар аумағында коронавирус инфекцияна қатысты шектеу шаралары 1 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін Байқоңырда карантин 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін енгізілген болатын. Эпидахуалдың өршуіне сырттан әкелінген жаңа жағдайлар себеп болған. 

Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігінің «Байқоңыр» кешені өңірлік басқармасының мәліметінше, 2020 жылдың 26 желтоқсанынан 2021 жылдың 15 қаңтар аралығында 38 байқоңырлық тұрғын коронавирус жұқтырған. Тіркелген жағдайлардың жалпы саны 1124-тен 1162 адамға дейін артты. Инфекциялық стационарда 7 адам емделіп жатыр, соңғы үш аптада өлім жағдайлары болған жоқ. Пандемия басталғаннан бері Байқоңырдың 70 тұрғыны коронавирус ауруынан қайтыс болды.

Байқоңырда қолданыстағы шектеу шаралары сақталуда. Жедел штаб тұрғындарды жабық үй-жайларға барғанда маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, санитарлық ережелер мен жеке гигиенаны қатаң сақтауға шақырады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар