12 шіл, 2021 сағат 12:44

Бәйдібекте көрші ауылға қыдырып барған 7 жасар бала жоғалып кетті


Түркістан облысының полицейлері жоғалған 7 жасар баланы тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. 

Әйелдің айтуынша, көрші ауылдағы сіңлісінің үйіне ұлымен бірге қыдырып барған. Осы сәтте 2014 жылғы ұлы өзге балалармен ойнап жүріп, аяқасты хабар-ошарсыз кеткен. 

Тапа-тал түсте ұлын ұшты-күйлі жоғалтып алған ана бар үміті полицейлерде екенін хабарлайды. 

Бұл жайтты бәйдібектік полицейлер бірден тіркеуге алып, бұл ауылдың ой-қырын толық білмейтін жоғалған баланы іздеп табу үшін сол аумаққа бекітілген учаскелік инспекторлар жұмылдырылды. 

2 учаскелік инспектордың екі жақтап жедел іздестіруінің арқасында 7 жасар жеткіншек 1,5 сағатта табылды. 

Белгілі болғандай жоғалған бала көше бойында ойнап жүріп, адасып кеткен. Қазіргі таңда бала жақындарына қайтарылды. 

Ұлымен аман-есен қауышқан анасы, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ізгі ықыласын білдіріп, рақметін айтты.