#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Бәйдібек ауданында коронавирустан сауыққан 86 жастағы қарт дәрігерлерге алғыс айтты

  • 06.08.2020
  • 0
  • 127

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында пандемиямен күресті күшейту үшін орталық ауруханада 82 провизорлық орын мен 50 инфекциялық госпиталь дайындалған. Қазіргі таңда келіп түскен науқастардың 80 пайызы жазылып шыққан, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Емдеу мекемесінде ем қабылдап сауығып шыққандардың бірі Кәрімжан Сайдов дәрігерлерге алғыс айтты. 86 жастағы қария ауруханаға 81 жастағы жұбайымен бірге түскен еді. Оларға COVID-19 және өкпенің екі жақты төменгі қабынуы диагнозы қойылып, дәрігерлердің қатаң бақылауында болған. Ерлі-зайыпты науқастарға тиісті емдік шаралар қолданып, 14 күндік емнен кейін ауруларынан айыққан. Қазіргі таңда зейнеткерлер үйлеріне шығарылған. 

Айта кетейік, Бәйдібек ауданы орталық ауруханасына тек жергілікті тұрғындар ғана емес, көрші аудандардан келген науқастар да емделуде. Олардың ішінде Кентау, Ордабасы, Созақ, Түлкібас аудандарының тұрғындары бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар