Анджей Дуда. Фото ©REUTERS
АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуге Жешув қаласына ұшып бара жатқан Польша президенті Анджей Дуданың ұшағы Варшаваға апатты жағдайда қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Бортында президент Дуда бар ұшақ апатты жағдайда қонды. Ұшақ Варшаваға оралды", - деді Польша президенті кеңсесінің басшысы Якуб Кумоч.
Кейінірек Дуда кеңсесі Польша мен АҚШ президенттерінің Жешувтегі бағдарламасы ұшақпен болған оқиғаға байланысты аздап өзгеретінін айтты.