30 мау, 2021 сағат 17:37

Батыс Қазақстанда жүк көлігі аударылып қалды


Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 маусым күні шамамен сағат 16.40-та Самара-Шымкент жолының 215-шақырымында Бәйтерек ауданы аумағында болды.

Түркістан облысына бара жатқан 26 жастағы жүргізуші Mersedens-Benz Actros жүк көлігінің руліне ие бола алмай, аударылуына жол берген.

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүргізуші айық болған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.