02 шіл, 2021 сағат 13:12

Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам көз жұмды


Батыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиеваның мәлім еткеніндей, оқиға 1 шілде күні сағат 21.00-де Жаңақала ауданы аумағында болды. 

Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолында Жолқұдық елді мекені тұсында 1987 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 1993 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2107» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан 4 адам қаза тапты, соның біреуі – 7 жасар бала. 

Жаңақала аудандық орталық ауруханасына 8 адам жатқызылды, соның алтауы – кәмелетке толмағандар.

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.