07 шіл, 2021 сағат 20:33

БҚО-да соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 41% өсті


Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтырғандар саны 41,4 пайызға (477 науқасқа) өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда өңірде 1323 төсектік 19 инфекциялық стационар 51,1 пайызға толып, оларда 676 адам емделуде. 

Соның ішінде Орал қаласында 800 төсектік 6 стационарда 537 науқас (67,1 пайыз) ем қабылдауда.

Ауруханаларда 86 төсектік жансақтау бөлімшелерінде 53 науқас (61,6 пайыз) жатыр.

Облыс бойынша 1244 төсек-орын (479-ы инфекциялық, 765-і карантиндік) резерв ретінде әзірленді.

Жыл басынан бері 16791 адам ауырса, соның 54 пайызы (9049) Орал қаласында, 14 пайызы (2442) Бәйтерек, 12 пайызы (1952) Бөрлі ауданында тіркелген.

Соңғы тәулікте 189 адамнан індет табылды.