04 шіл, 2021 сағат 13:08

Батыс Қазақстанда сегіз жасар бала суға батып кетті


Батыс Қазақстан облысында сегіз жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 шілде күні Ақжайық ауданы Алғабас ауылы шетіндегі Көшім каналында болды. 

Сағат 20.00-де сегіз жасар бала шомылуға жабдықталмаған жерде батып кеткен. Оның денесін жергілікті тұрғындар сағат 20.40-та шығарып алды.

Осымен өңірде жыл басынан 13 адам суға кетсе, соның бесеуі - жасөспірімдер.

БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға суға түскен кезде қауіпсіздік ережесін ұмытпау керектігін еске салады.